«Атырау» «Астана» ойыншысымен толықты

09.04.2021, 03:08
Жаслан былтыр да «Атырау» сапында доп тепкен еді.
«Атырау» «Астана» ойыншысымен толықты

«Астана» клубының 21 жасар жартылай қорғаушысы Жаслан Каиркенов маусым аяғына дейін «мұнайшылар» құрамында өнер көрсететін болады.

Павлодар футбол мектебінің түлегі 2016-2019 жылдар аралығында «Астана» ФК жүйесінде болып, «Астана-U21», «Астана Жастар» және елордалық ұжымның негізгі командасының намысын қорғады.

Былтырғы жылы Каиркенов «Атырау» сапында өнер көрсетіп, 12 ойында 3 голмен көзге түсті. 

«Атырау» ФК баспасөз қызметі

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×