«Атырау» «Астанадан» бір аптада екі рет ұтылды. «Мұнайшылар» енді ешкімге жол бермейді

01.05.2025, 12:32

«Атырау» бас бапкерінің міндетін атқарушы Қуаныш Қабдолов кеше «Астанаға» қарсы өткен матчтан кейін өзінің ой-пікірін айтып, төрешілер жұмысын да тілге тиек еткен болатын.

«Атырау» «Астанадан» бір аптада екі рет ұтылды. «Мұнайшылар» енді ешкімге жол бермейді
"Атырау" - "Астана" кездесуі

Айта кетейік, ҚПЛ-дің кейінге шегерілген 18-тур ойынында «Атырау» «Астананы» қабылдап, 0:2 есебімен жеңіліс тапты.

«Төрешілердің пенальтиге байланысты шешімі: бейнеқайталауды қайта көру керек. Меніңше соңғы сәтте пенальти болған. Егер төрешілер осындай шешім шығарса онда ештеңені өзгерте алмайсың.

Біз бір аптада үш кездесу өткізіп отырмыз, сондықтан футболшыларды алмастыруымыз түсінікті жағдай. Мұны барлығы да біліп отыр. Командамен сөйлестік. Бізге тың футболшылар керек. Сондықтан, сенбі күні «Ордабасымен» ойынға тың футболшыларды дайындаймыз», - деді Қ. Қабдолов.

Осы кездесуден кейін «Атырау» 3 ұпаймен 13-орынға жайғасты. Ал елордалық клубтың еншісінде 17 ұпай бар. «Астана» дәл қазір бірінші орынды «Қайратпен» бөлісуде.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×