Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан «Атырау» Босния және Герцеговина елінің командасы «Зведамен» жолдастық кездесу өткізіп, 1:0 есебімен жеңіске жетті.
Кездесудегі жалғыз голды 65-ші минутта «мұнайшылар» сапына байқауға келген футболшы соққан. Ал оның нақты кім екені әзірше белгісіз.
Естеріңізге салсақ, бұл батысқазақстандықтардың осы жиындағы үшінші кездесуі. Алдымен македониялық «Горизонт Турново» командасын 2:1 есебімен жеңді. Кейін ресейлік «Шинникке» 0:1 есебімен жол берді.