«Атырау» босниялық клубты қапы қалдырды

06.02.2015, 22:58
«Атырау» босниялық клубты қапы қалдырды
Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан «Атырау» Босния және Герцеговина елінің командасы «Зведамен» жолдастық кездесу өткізіп, 1:0 есебімен жеңіске жетті. Кездесудегі жалғыз голды 65-ші минутта «мұнайшылар» сапына байқауға келген футболшы соққан. Ал оның нақты кім екені әзірше белгісіз. Естеріңізге салсақ, бұл батысқазақстандықтардың осы жиындағы үшінші кездесуі. Алдымен македониялық «Горизонт Турново» командасын 2:1 есебімен жеңді. Кейін ресейлік «Шинникке» 0:1 есебімен жол берді.    
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×