«Атырау» бразилиялық орталық қорғаушы Матеус Биссимен келісім-шартқа отырғанын хабарлады.
30 жастағы қорғаушы «Атырауға» литвалық «Паневежис» клубынан ауысып келді. Ол бұған дейін мальталық «Биркиркара», польшалық «Ракув», португалиялық «Туризенсе», болгариялық «Славия», бахрейндік «Аль-Мухаррак» және Литваның «Стумбрас» және «Бангу» командаларында өнер көрсетті.
Бисси өткен маусымда 32 ойынға қатысып, 2 гол соққан және бір нәтижелі пастың авторы атанды.
Біздің серіктес: FONBET