«Атырау» бразилиялық қорғаушымен толықты

19.01.2022, 19:04
Ол «Атырауға» литвалық клубтан ауысып келді.
«Атырау» бразилиялық қорғаушымен толықты

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, «Атырау» бразилиялық орталық қорғаушы Матеус Биссимен келісім-шартқа отырды.

30 жастағы қорғаушы «Атырауға» литвалық «Паневежис» клубынан ауысты. Ол бұған дейін мальталық «Биркиркара», польшалық «Ракув», португалиялық «Туризенсе», болгариялық «Славия», бахрейндік «Аль-Мухаррак» және Литваның «Стумбрас», «Паневежис» және «Бангу» командаларында өнер көрсетті.

Қорғаушы бүгін «мұнайшылардың» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына қосылмақ. «Атыраудағы» бразилиялық қорғаушы Алекс Бруно да бұған дейін клубпен келісім-шартын ұзартқан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×