«Атырау» Чемпиондар лигасындағы екінші матчында «Спортингтен» оңбай ұтылды

29.10.2021, 04:35
Португалиялықтар «Атырау» қақпасына сегіз гол соқты.
«Атырау» Чемпиондар лигасындағы екінші матчында «Спортингтен» оңбай ұтылды

«Атырау» клубы футзалдан Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде лиссабондық «Спортингтен» ұтылды. Кездесу 8:1 есебімен аяқталды. 

«Спортинг» бірінші таймда қарсыластар қақпасына жауапсыз төрт гол соғып, жеңіске жеткісі келетінін көрсетті. Алайда, үзілістен кейін қазақстандық клуб қарсыласын қапы қалдырып, бір гол соғып үлгерді. Бірақ кейін португалиялықтар тағы төрт гол соқты.

Чемпиондар лигасында дебют жасаған «Атырау» үшін бұл қатарынан екінші жеңіліс болды. Алғашқы ойында «мұнайшылар» словениялық «Добовецке» есе жіберген еді (1:2).

Үшінші кездесуде қазақстандық клуб франциялық «Аньер Вильнев 92» командасымен ойнайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×