«Атырау» 22 жастағы қазақстандық шабуылшы Диас Қалыбаевпен келісім-шартқа отырғанын хабарлады.
Алматы футболының түлегі Диас Қалыбаев 2013 жылы Испанияға аттанды. Содан кейін біраз уақыт бойы «Баварияның» академиясында жаттықты. 2015-2017 жылдар аралығында Барселонадағы «Юпитер» командасында өнер көрсетті. Одан кейін испаниялық «Ябац» пен германиялық «Пеш» командаларының намысын қорғады.
2020 жылы ол Қазақстанға оралып, «Жетісумен» келісім-шарт жасасты. Ол талдықорғандық клуб жейдесінде 21 кездесу өткізіп, 1 гол мен 2 нәтижелі пастың авторы атанды.
«Атырау» 25 жастағы қазақстандық қорғаушы Александр Соколенкомен де мәміле жасасты.
Соколенконың соңғы клубы «Қызыл-Жар» болды. Қазақстандық қорғаушы петропавлдық клуб сапында небәрі 9 кездесу өткізді. Бұған дейін алматылық «Қайрат» (25 матч) пен павлодарлық «Ертіс» (6 матч) сапында да өнер көрсеткен.
Біздің серіктес: FONBET