Осы жылдың наурыз айында мұнайшылар командасына қызмет жасауға келген Дидар Сыдықбектің кетуіне не себеп?
Бүгін “Атырау” командасы бас менеджер Дидар Сыдықбектің қызметтен кеткенін хабарлады. Батыс ұжымының Премьерде қалуына көп үлес қосқан азамат өз еркімен жұмысын тастап барады екен. Жанкүйерлерге арнаған видео-үңдеуінде ол бұл шешімді отбасылық жағдайға байланысты қабылдағанын жеткізді. Және ең бастысы “Атырау” командасы жанкүйерлері алдында ары таза екенін айтып өтті.
Дидардың келуімен “Атырауға” жақсы таныс Виталий Жуковский қайта оралды. Онымен қоса, сапалы футболшыларда келді. Айта кетейік, командаға қосылған легионерлер жалақысы демеушілердің жеке қаражатынан төленіп отырылды. Сыдықбектің түрткі болуымен, “Атыраудың” өзінің фан-шопы ашылды. Клубтың мүлкіне саналатын автобустың және стадионнның кейпі жаңарды.
Дидар футболдан түбегейлі кетпейтіні анық. Ол менеджерлік қызметін аздаған үзілістен кейін қайта жалғастыратыны сөзсіз.