"Атырау" ФК ойыншысы Н.Сигнеевич боқтық сөз айтқаны үшін жазаланады

"Атырау" футбол клубының беларуссиялық легионері Николай Сигнеевич ел кубогының финалынан кейін төрешіні балағаттап, ашу-ызасын білдірген сұхбаты үшін жазаланады.

"Атырау" ФК ойыншысы Н.Сигнеевич боқтық сөз айтқаны үшін жазаланады
фото ашық дерек көзден алынды

Аузына ақ ит кіріп, көк ит шыққан Сигнеевич ҚР “Әкімшілік құқық бұзушылық” Заңына сәйкес тәртіптік шараға тартылады. Атыраулық аяқдопшы “Ақтөбе” ФК өткен финалдық кездесуден кейін бас төреші Данияр Сахидың пенальти тағайындаған шешіміне наразылығын білдіріп, балағат сөздер айтқан болатын. Қызуқандылық танытқан беларуссиялық легионерге қатысты бүгінде полицияға шағым түскен. Яғни, жаза ретінде үлкен айыппұл арқалауы мүмкін. Ал “Атырау” мен “Ақтөбе” арасындағы матчқа қатысты даулы пенальтиді Төрешілер комитеті тексеріп, Данияр Сахидың шешімі дұрыс деп тапқан. Сондықтан, бұл дауға да осымен нүкте қойылған секілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

КПЛ Атырау ФК
×