"Атырау" футбол клубының директоры тағайындалды

Мұнайшылар командасының жаңа директоры болып Қуандық Жақиялиев тағайындалды.

 

"Атырау" футбол клубының директоры тағайындалды

Қуандық Қалбайұлы Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің түлегі еңбек жолын Қ. Сәтбаев атындағы орта мектепте мұғалім болып (2002-2012) бастаған. Кейін «Атырау» футбол клубында балалар-жасөспірімдер жаттықтырушысы ретінде қызмет атқарып, клубтың футбол орталығын басқарған (2013-2017). Содан соң төрт жыл Атырау қалалық әкімдігіне қарасты Геолог және Ақсай ауылдық округтерінің әкімі лауазымында болып, артынша Атырау қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы және облыстық Ішкі саясат басқармасына қарасты мекеме басшысы қызметтерін атқарған.

Жаңа директорды командаға облыстың спорт басқарма басшысы Нұрбол Сыдықов таныстырды.

Қуандық Қалбайұлына қызметі барысында “Атыраудың” бас менеджері Дидар Сыдықбек көмектесетін болады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 2
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

Атырау ФК
Aladop Youtube
×