«Атырау» ғаламат камбэк жасап, үш ұпайға қол жеткізді

05.09.2022, 01:01
«Мұнайшылар» жаңа бапкердің жетекшілігімен алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
«Атырау» ғаламат камбэк жасап, үш ұпайға қол жеткізді

«Атырау» Қазақстан Премьер-лигасының 18-турында «Каспиймен» кездесті. Атыраудағы «Мұнайшы» стадионында өткен ойын 3:2 есебімен аяқталды.

Матчтың 18-минутында есеп ашқан хорватиялық шабуылшы Иван Пешич 51-минутта дубль жасады. Бірақ 59-минутта Юрий Завезён көзре түсіп, «Атырауға» үміт сыйлады. Ал алты минуттан кейін Андрия Филипович таразы басын теңестірді. 84-минутта «Атырау» шабуылшысы кездесудегі жеңіс голын соқты.

«Атырау» – «Каспий» – 3:2

«Атырау»: Арам Айрапетян (қ) (к) – Сослан Такулов, Николай Тарасов, Матеус Бисси, Амандық Нәбиханов – Домантас Антанавичюс, Юрий Завезён, Дмитрий Плетнёв, Демир Имери – Денис Митрофанов, Пётр Гжельчак;

Қосалқы құрам: Илья Караваев (қ) – Равиль Ибрагимов, Данияр Орда, Александр Соколенко, Ади Адамбаев – Тодор Петрович, Алтынбек Сапаров, Ринат Джуматов, Асылбек Сейтқалиев, Хусрав Тоиров – Андрия Филипович;

«Каспий»: Алексей Козлов (қ) – Максим Ваганов, Тарас Бондаренко (к), Артем Барановский, Павел Киреенко – Думан Нәрзілдаев, Никола Цуцкич, Еркебұлан Нұрғалиев – Рати Ардазишвили, Руан Телеш, Иван Пешич;

Қосалқы құрам: Нұрлыбек Аязбаев (қ) – Ерлан Қадырбаев, Әлішер Сүлей – Шафик Тигруджа, Қуандық Нұрсұлтанов – Рубен Бриджидо, Аслан Әділ, Дархан Бердібек, Алмас Арменов;

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×