«Атырау» Горовенконың жетекшілігімен алғашқы жеңісіне қол жеткізді

13.02.2022, 15:42
«Мұнайшылар» украиналық клубты жеңді.
«Атырау» Горовенконың жетекшілігімен алғашқы жеңісіне қол жеткізді

«Атырау» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында украиналық «Ворскладан» 2:1 есебімен басым түсті. «Мұнайшылар» сапында Петр Гжельчак пен Андрия Филипович қарсылас қақпасынан саңылау тапты.

«Атырау»: Арам Айрапетян (қ) – Қуаныш Қалмұратов, Николай Тарасов, Матеус Бисси, Артем Барановский, Амандық Нәбиханов – Сослан Такулов, Магомед Парагульгов, Асылбек Сейтқалиев – Андрия Филипович, Петр Гжелчак.

Айта кету керек, «Атырау» Константин Горовенконың жетекшілігімен алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Бұған дейін өткен төрт ойында «Атырау» 2 рет жеңіліп, 2 рет тең түскен болатын.

«Мұнайшылар» келесі кездесуін 19 ақпанда өзбекстандық АГМК командасына қарсы өткізеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×