«Атырау» - «Қайрат» кездесуіне болжам

06.04.2025, 13:08

«Астананы» қуып жету үшін «Қайрат» бүгін басым түсуі тиіс.

«Атырау» - «Қайрат» кездесуіне болжам
Атырау ФК футболшылары

Бұл жерде басқа вариант жоқ. Ал мұнайшылар өткен турдағы масқара жеңілісінен кейін қалай да еңсе тіктегенін көрсетуге ниетті (Ақтөбеден 0:4 ұтылған). Қысқасы, қазір санаулы сағаттардан кейін Атырауда жанкүйерлерді тартысты теке-тірес күтіп тұр. 

«Қайрат» өткен турда Түркістанда соңғы секундтарда жеңісті жұлып алды (Тұранды 2:1 ұтып) ал одан бұрын Алматыда «Ордабасыны» тас-талқан еткен 4:0. Рафаэль Уразбахтиннің командасы маусым басында керемет көрінеді, ұжымның ішкі  атмосферасы да жақсы. Сарапшылардың барлығы алматылықтар мен «Астананың» деңгейі өзгелерден бір бас жоғары деген ойды айтып отыр. Соны енді бүгін тағы дәлелдеу керек, ал «Атырау» өз алаңында оңайшылықпен ұпай ұстатып қоятын команда емес. 

Алматылықтар қатарында Георгий Зария мен Жоа Пауло, жас талант Дастан Сәтпаевты ерекше айтуға болады. Қорғаныс шебі де жоғары дәрежеде - 3 турда екі-ақ гол. 

«Атырау» бірінші турдан кейін қатарынан екі ойынды жеңіліспен аяқтады. Константин Горовенконың басына бұлт үйіріліп келеді - «Мұнайшыдағы» «Ақтөбеден»  0:4-тен кейін тіптен қиын. Десе де клуб басшысы Дидар Сыдықбек жуырда берген сұқбатында «Атыраудың» болашағы зор боларын тілге тиек еткен. Былтыр ҚПЛ-дің фавориттерімен терезесі тең өнер көрсетіп, тәуір ойын паш еткен командадан биыл да сондай нәтиже күтілетіні заңдылық. Біраз тәжірибелі футболшылары бар мұнайшыларға дереу жеңіске жетіп, жағдайды түзеу керек. Бірақ сұмдық қарқын алған «Қайратқа» қарсылық таныту оңай болмайды. Әзірше, жалғыз жеңісінің арқасында олжалаған үш ұпайымен К. Горовенко командасы 10-сатыға жайғасқан. 

Бұл кездесуде алаң иелері міндетті түрде гол салады деп топшылаймыз. Ал алматылықтарға бұл жағынан еш күмән жоқ. Fonbet.kz-те бұған 2.07 коэффициентімен бәс тігуге болады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×