«Атырау» «Каспий» ойыншысымен мәміле жасасты

21.02.2022, 19:09
Футболшы бұған дейін тек ақтаулық клубта өнер көрсеткен.
«Атырау» «Каспий» ойыншысымен мәміле жасасты

«Атырау» 24 жастағы қорғаушы Амандық Нәбихановпен келісім-шарт жасасты.

Амандық – Ақтау футбол мектебінің тәрбиеленушісі. Ол 2016 жылы, 18 жасында «Каспий» сапында дебют жасады. Содан бері ол ақтаулық клуб жейдесінде 131 кездесу өткізіп, 3 гол мен 3 нәтижелі пасты өз еншісіне жазды.

Өткен маусымда Нәбиханов 31 ойынға қатысып, 1 нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×