«Атырау» клубына жаңа директор тағайындалады

19.11.2021, 17:14
Қазақстандық маман бұған дейін уэльстік клубта жұмыс істеген.
«Атырау» клубына жаңа директор тағайындалады

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, қазақстандық футбол менеджері Әлішер Апсалямов «Атырау» футбол клубының директоры қызметіне тағайындалды.

Қазақстандық жас маман облыс басшылығымен келіссөздер жүргізіп үлгерді, жақын күндері клуб ұжымына таныстырылатын болады. Бұған дейін Апсалямов алматылық «Қайраттың» бас директоры және уэльстік «Кардифф Сити» клубының менеджері қызметтерін атқарған.

Ал, «Атыраудың» бұрынғы басшысы Қонысбай Шпанов пен спорт директоры Нұртаза Әбілхановтың клуб құрылымында қалу-қалмауы белгісіз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×