Бүгін «Атырау» СК қоғамдық қорының директоры қызметіне Әділбек Нұрлығожиев тағайындалды, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.
Әділбек Нұрлығожиев 1957 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Атырау мұнай және газ институтын бітірген. Ұзақ уақыт бойы әртүрлі құрылымдарда басшылық қызметте жұмыс істеген, қазіргі уақытта «Атырауинжстрой» ЖШС бас директоры ретінде қызмет атқаруда.
Ал Азат Қазиханов «Атырау» СК қоғамдық қорының директоры қызметінен өз өтініші бойынша кететін болады.
Қонысбай Шпанов жаңа директор тағайындалғанға дейін «Атырау» клубының директоры болып жұмыс істемек.
Біздің серіктес: FONBET