“Атырау” командасының тәжік ойыншысы өз ұлттық құрамасына шақырту алды

20.05.2024, 20:16

Фатхулло Олимзода алғаш рет Тәжікстан құрамасына шақырту алды.

“Атырау” командасының тәжік ойыншысы өз ұлттық құрамасына шақырту алды

“Атырауға” 2023 жылдың жаз айында қосылған Олимзода мұнайшылар ұжымында барлық турнирлерде 8 ойын өткізіп, 1 гол соқты. Қазақстандық клубқа дейін Фатхулло “Душанбе 2”, “Динамо” Душанбе, “Равшан Куляб” командаларында өнер көрсетті. 

Трансфермаркет шабуылдаушы жартылай қорғаушыны 125 мың еуроға бағалайды. 

Айта кетейік, “Атырау” командасында 2023 жылы доп тепкен тәжік Хусрав Тоировта қазақстандық клубтың арқасында алғаш рет ұлттық құрамаға шақырту алған болатын. 

2026 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу барысында Тәжікстан құрамасы Иордания мен Пәкістан командаларымен бақ сынасады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×