"Атырау" ҚПЛ-ден ұшып кетуі мүмкін? ҚПЛ-де тағы бір даудың шеті шығып тұр

21.11.2025, 13:10

Қазақстан футбол федерациясының құзырлы органы ҚПЛ-дің 24-туры аясында өткен «Ұлытау» - «Атырау» арасындағы матч бойынша тергеу жүргізуде.

"Атырау" ҚПЛ-ден ұшып кетуі мүмкін? ҚПЛ-де тағы бір даудың шеті шығып тұр
"Атырау" ФК футболшылары

Бұл туралы «ASnews.kz» тілшісі Әлім Дінасылов мәлімдеген болатын. Айта кетейік, премьер-лиганың аталған кездесуінде жезқазғандық ұжым үзіліске дейін 1:0-мен алда тұрған, алайда екінші таймда 5 гол өткізіп алды.

«Бірнеше дереккөздер (соның ішінде БАҚ) ойынның әділ өткеніне күмән келтірді, бұл матчта «мұнайшылар» 5:1 есебімен жеңіске жетті. Алдыңғы турларда жезқазғандық клуб қатарынан екі рет өз алаңында «Ордабасы» мен «Ақтөбеден» басым түсті. «Атырауға» қарсы ойында алаң иелері бірінші таймда 1:0 есебімен алда болды, бірақ екінші таймда бес гол жіберіп алды. Айта кету керек, «Ұлытаудың» негізгі ойыншылары, қақпашы Дмитрий Непогодов пен әмбебап футболшы Бека Вачиберадзе ойынға қатыспады. Олардың жарақат алғандығы туралы ресми ақпарат болған жоқ. Сондай-ақ, 56-шы минутта (есеп 1:0 болған кезде) «Ұлытау» қорғаушысы Ярослав Терехов қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Бұл жеңістің арқасында «Атырау» ҚПЛ-дағы орнын сақтап қалды», - делінген «ASnews.kz» материалында.

Естеріңізде болса, «Атырау» өте сәтсіз бірінші айналымнан кейін ҚПЛ-дегі орнын сақтап қала алды. «Мұнайшылар» премьер-лигада 19 ұпай жинап, он үшінші орын алған болатын.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 1
Күлкілі 3
Масқара 5
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×