«Атырау» литвалық футболшымен мәміле жасасты

01.03.2022, 14:03
23 жастағы футболшы командаға еркін агент ретінде қосылды.
«Атырау» литвалық футболшымен мәміле жасасты

23 жастағы литвалық жартылай қорғаушы Домантас Антанавичюс «Атырау» клубымен келісім-шартқа отырды.

Антанавичюс мансабын литвалық «Судувада» бастады. Аталмыш клуб жейдесінде 30-дан астам ойынға қатысқан. Одан бөлек, «Стумбрас» сапында да өнер көрсетті.

Кейін эстониялық «Маарда» арқылы транзитпен Словенияға аттанып, «Целе» клубының ойыншысы атанды. Ойын тәжірибесінің аздығынан ол екі рет, алдымен словениялық «Триглавқа», одан кейін литвалық «Паневежиске» жалға берілді.

Маусым соңында Домантастың «Целемен» келісім-шарты аяқталды. Ол словениялық клуб сапында бар-жоғы 9 кездесу өткізіп, нәтиже көрсете алмады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×