"Атырау" Қазақстан Премьер-лигасының он екінші туры аясында шымкенттік "Ордабасымен" кездесті. Ойын Атырау қаласындағы "Мұнайшы" стадионында өтіп, 0:0 есебімен аяқталды.
Кездесудің 61-минутында Александр Симчевич өз қақпасының маңында тәртіп бұзғандықтан, пенальти белгіленді. Ал "Атырау" клубының жартылай қорғаушысы Доньет Шкодра бұл мүмкіндікті голға айналдыра алмады.
Бір ұпайды қанағат еткен қос команда турнирлік кестедегі өз позицияларын сақтап қалды. "Ордабасы" 16 ұпаймен жетінші орында, "Атырау" 15 ұпаймен тоғызыншы орында тұр.
Біздің серіктес: FONBET