«Атырау» өзбекстандық клубтан оңбай ұтылды

17.02.2022, 17:30
«Атырау» қарсыластың төрт голына бір голмен жауап қатты.
«Атырау» өзбекстандық клубтан оңбай ұтылды

«Атырау» Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны аясында өткізген жолдастық кездесуде өзбекстандық «Насафтан» 1:4 есебімен жеңіліп қалды. «Мұнайшылар» сапында Наурызбек Жагоров гол соқты.

«Атырау»: Арам Айрапетян (қ) – Георгий Тигиев, Матеус Бисси, Әділбек Жұмаханов, Павел Барановский – Амандық Нәбиханов, Алтынбек Сапаров, Асылбек Сейтқалиев, Қуаныш Қалмұратов – Тодор Петрович, Петр Гжельчак;

Қосалқы құрам: Илья Караваев (қ), Азамат Жомартов (қ) – Александр Соколенко, Николай Тарасов – Магомед Парагульгов, Сәбит Тастанбеков, Сослан Такулов, Бекзат Камидоллаев, Наурызбек Жагоров, Анатолий Катрич – Дияс Қалыбаев, Андрия Филипович.

«Насаф» Өзбекстан Суперлигасының соңғы маусымында 45 ұпай жинап, төртінші орынға табан тіреді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×