«Атырау» «Партизан» клубының тәрбиеленушісін қатарға қосты

30.07.2021, 04:00
«Атырау» сапында сербиялық футболшы 55-нөмірмен ойнайтын болады
«Атырау» «Партизан» клубының тәрбиеленушісін қатарға қосты

24 жастағы сербиялық жартылай қорғаушы Лазар Сайчич "Атырау" клубына ауысады. Бұл жайлы Meta-ratings.kz сайты хабарлады.

Лазар Сайчич - сербиялық "Партизанның" түлегі. Сайчич өз елінде "Телеоптик", "Синджелич", "Ягодина" және "Борац" клубтарында доп тепті.

Одан бөлек, Лазар Чехия чемпионатында "Динамо Чешке Будеёвице" командасының намысын қорғады. 2019 жылы Сайчич "Городея" клубына ауысып, өзін жақсы жағынан көрсетті. Ал қысқы маусымаралық үзіліс кезінде "Гомель" клубымен келісім-шартқа отырды.

Футболшы қапталдағы жартылай қорғаушы позициясында өнер көрсетеді. Белоруссияның жоғарғы лигасында Сайчич 57 матч өткізіп, 11 гол соққан, 6 нәтижелі пасы тағы бар. "Атырау" сапында сербиялық футболшы 55-нөмірмен ойнайтын болады.

Ойыншы ведомствоаралық комиссиядан рұқсат алып үлгерді және жақын күндері "мұнайшыларға" қосылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×