«Атыраудың» баспасөз қызметі 31 жастағы польшалық қорғаушы Павел Барановскийдің командаға қосылғанын мәлімдеді.
Павел Барановский - польшалық «Ягеллонияның» түлегі. Орталық қорғаушы тек өз елінде доп тепті, атап айтсақ, «Подбескидзе», «Вигри», «Стомиль», «Белчатов», «Одру» және «Горник» клубтарының намысын қорғады.
Ол Польша чемпионатында 54 кездесу өткізіп, 2 гол соқты. Ал Бірінші лигада 166 матчқа қатысып, 9 рет мергендік танытқан.
Айта кетерлігі, Павел 2015/16 жылғы маусымның жартысын германиялық «Эрцгебирге» клубында өткізді. Польшалық футболшы «Атырау» сапында украиналық «Ворскламен» болған матчқа қатысып үлгерді.
Біздің серіктес: FONBET