«Атырау» қатарынан үшінші матчта жеңіске жетті

03.05.2021, 02:26
«Атырау» қатарынан үшінші матчта жеңіске жетті

"Атырау" Қазақстан Премьер-лигасының тоғызыншы туры аясында ақтаулық "Каспиймен" кездесті. Матч Атыраудағы "Мұнайшы" стадионында өтіп, 2:1 есебімен аяқталды.

Ойынның 17-минутында Брайан Сильва есеп ашты. Екі минут өткен соң Алекс Джуниор командасының екінші голын соқты. Ал 40-минутта "Атырау" қақпасына пенальти белгіленді. Дэвид Караев бұл мүмкіндікті мүлт жібермеді.

Қатарынан үшінші матчта жеңіске жеткен "Атырау" турнирлік кестеде 11 ұпаймен сегізінші орынға көтерілді. 12 ұпайы бар ақтаулық клуб бір саты жоғары тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×