Қазақстандық шабуылшы Бауыржан Тұрысбек «Атырауға» ауысады, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.
Тәжірибелі футболшы бұған дейін «Ақсу», сондай-ақ Екінші лигада дебют жасағйтын алматылық «Хан Тәңірі» клубында жаттықты, бірақ ешқайсысымен келісім-шартқа отырмады.
Тұрысбек Премьер-лиганың келесі матчтарында «Атырау» ойыншысы ретінде алаңға шығуы мүмкін.
Бауыржан бұған дейін «Қайрат», «Тобыл», «Жетісу», «Шахтер», «Тараз» және сербиялық «Раднички» клубында өнер көрсеткен. Өткен маусымның ортасынан бері командасыз жүр.
Біздің серіктес: FONBET