«Атырау» қазақстандық шабуылшымен мәміле жасасты

01.04.2022, 21:28
Футболшы маусымаралық үзіліс кезеңде екі клубтың ОЖЖ-на қатысты.
«Атырау» қазақстандық шабуылшымен мәміле жасасты

Қазақстандық шабуылшы Бауыржан Тұрысбек «Атырауға» ауысады, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

Тәжірибелі футболшы бұған дейін «Ақсу», сондай-ақ Екінші лигада дебют жасағйтын алматылық «Хан Тәңірі» клубында жаттықты, бірақ ешқайсысымен келісім-шартқа отырмады.

Тұрысбек Премьер-лиганың келесі матчтарында «Атырау» ойыншысы ретінде алаңға шығуы мүмкін.

Бауыржан бұған дейін «Қайрат», «Тобыл», «Жетісу», «Шахтер», «Тараз» және сербиялық «Раднички» клубында өнер көрсеткен. Өткен маусымның ортасынан бері командасыз жүр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×