«Атырау» ресейлік футболшыны қатарға қосты

15.07.2021, 20:37
Футболшы небәрі 21 жаста екен.
«Атырау» ресейлік футболшыны қатарға қосты

«Атырау» футбол клубы ресейлік жартылай қорғаушы Владимир Медведьпен келісім-шартқа отырды.

21 жастағы футболшы жаңа командасында 13-нөмірмен өнер көрсететін болады.

«Динамо Минск» клубының түлегі кәсіби мансабын 17 жасында Белоруссияның жоғарғы лигасында бастады. Сонымен қатар футболшы «Славия Мозырь», «Нафтан», «Динамо-Брест», «Слуцк», «Ростов», «Крылья Советов», «Чайка» және «Ротор» командаларында өнер көрсеткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×