«Атырау» 23 жастағы ресейлік қорғаушы Николай Тарасовпен келісім-шарт жасасты. Ойыншы «Атырауға» еркін агент ретінде ауысты.
Николай Тарасов – Санкт-Петербургтік «Зениттің» түлегі. Мансабында «Зенит», «Динамо» және «Амкар» сияқты клубтардың қосалқы командаларында ойнады. Ойыншы соңғы кездері ФНЛ-дағы «Велес» клубының намысын қорғады.
Transfermarkt порталы оның құнын 250 мың еуроға бағалап отыр.
Біздің серіктес: FONBET