«Атырау» сербиялық футболшымен келісім-шарт жасасты

31.07.2021, 15:56
Футболшы сербиялық «Партизан» клубында тәлім алған.
«Атырау» сербиялық футболшымен келісім-шарт жасасты

24 жастағы сербиялық жартылай қорғаушы Лазар Сайчич "Атырау" клубына ауысты. Бұл жайлы ҚКФЛ ресми сайты хабарлады. "Атырау" сапында сербиялық футболшы 55-нөмірмен ойнайтын болады.

Лазар Сайчич - сербиялық "Партизанның" түлегі. Сайчич өз елінде "Телеоптик", "Синджелич", "Ягодина" және "Борац" клубтарында доп тепті.

Одан бөлек, Лазар Чехия чемпионатында "Динамо Чешке Будеёвице" командасының намысын қорғады. 2019 жылы Сайчич "Городея" клубына ауысып, өзін жақсы жағынан көрсетті. Ал қысқы маусымаралық үзіліс кезінде "Гомель" клубымен келісім-шартқа отырды.

Футболшы қапталдағы жартылай қорғаушы позициясында өнер көрсетеді. Белоруссияның жоғарғы лигасында Сайчич 57 матч өткізіп, 11 гол соққан, 6 нәтижелі пасы тағы бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×