«Атырау» сербиялық футболшымен келісім-шарт жасасты

23.02.2022, 00:26
Футболшы испаниялық клубта да өнер көрсеткен.
«Атырау» сербиялық футболшымен келісім-шарт жасасты

«Атырау» 27 жастағы сербиялық жартылай қорғаушы Тодор Петровичпен келісім-шартқа отырғанын хабарлады.

Петрович мансабын өз елінде бастаған және «Земун», «Сопот», «Вождовац» сияқты клубтарда ойнаған. Одан бөлек, испаниялық «Афисион», украиналық «Ворскла» және хорватиялық «Интер» командаларында өнер көрсеткен.

Ойыншының соңғы клубы сербиялық «Раднички» болды (32 матч).

Петрович мансабында бас-аяғы 165 матч өткізіп, 4 гол мен 3 нәтижелі пасты өз атына жазған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×