Бүгін "Жетісу" Қазақстан Премьер-лигасының он жетінші туры қарсаңында "Атырауға" есе жіберді. Матч Талдықорғандағы "Жетісу" стадионында өтіп, 1:2 есебімен аяқталды.
Ойындағы алғашқы гол 63-ммнутта соғылды. "Атырау" шабуылшысы Петр Гжельчак осы маусымдағы алғашқы голын соқты. Ал 75-минутта "Жетісу" клубының жартылай қорғаушысы Артем Дмитриев есепті теңестірді. Ал 82-минутта Брайан жеңісті голды соғып, командасына үш ұпай сыйлады.
Өз алаңында ұпай жоғалтқан талдықорғандық клуб 10 ұпаймен ең соңғы орында тұр. "Атырау" 24 ұпаймен алтыншы орынға көтерілді
Біздің серіктес: FONBET