Қазақстан Премьер-Лигасының 22-тур ойынында қызылордалық «Қайсар» мен «Атырау» кездесті.
Кездесу тартысты өтті. Алайда екі команда да айқын гол соғу мүмкіндіктерін көп жасай алмады және есеп ашылмады. Есеп: 0:0. Айта кетейік, бұл ойында қонақтар жеңіске жеткенде, 11-орындағы «Ұлытауды» қуып жетер еді.
Қазір «Қайсардың» еншісінде 19 ұпай бар. Ол турнир кестесінде 11-орында тұр. Ал «Атырау» 12 ұпаймен соңғы орында келеді.
«Қайсар» — «Атырау» 0:0