«Атырау» мен «Тұран» 3 емес, 6 ұпай үшін ойнайды.
Турнирлік кестенің соңындағы қос клубқа қазір әрбір ұпай ауадан қымбат. Сол үшін бүгін кешке командалардың өліспей, беріспейтіні анық. Теке-тіресте сәл басымдық алаң иелерінің жағында. Статистикаға көз жүгіртсек те солай - «мұнайшылар» ҚПЛ-дегі соңғы бес матчта 5 ұпай еншіледі. Бірақ, атыраулық жанкүйерлерді командаларының «Тұранға» қарсы өткізген соңғы ойындары алаңдатуы мүмкін. Мәселен, өзара бес ойынның 3-де түркістандықтар басым болған.
«Тұран» өте ауыр күндерді бастан кешіруде - соңғы бес матчты ұтылып, оның тек 1-де ғана гол сала алды (Қызыл-Жарға қарсы 1:2). Әсіресе, «Астана» мен «Қайраттан» 0:7, 0:4 есебімен тас-талқан болуы ұжымның психологиялық-эмоционалдық фонын одан арман бұзды. Енді осындай сәтсіз серияға бүгін деңгейлес қарсыласқа қарсы ойында нүкте қоюға мүмкіндік бар. «Тұран» тығырықтан шығарар мүмкіндікті пайдалана ала ма?
Бұл матч тартысты болады, алайда көп гол көре алмайтын секілдіміз. «Атырау» мен «Тұран» өзара өткізген 5 матчтың төртеуін голсыз аяқтады. Сол үшін ықтимал нұсқа бәсекенің жалпы тоталы 2.5-нан аз болады деп көрсек. Оның коэффициенті 1.85.