«Атырау» «Ювентустың» экс-ойыншысымен толықты

05.02.2022, 21:13
Шабуылшы Италияның бірнеше клубында доп тепкен.
«Атырау» «Ювентустың» экс-ойыншысымен толықты

«Атырау» 24 жастағы хорватиялық шабуылшы Андрия Филиповичпен келісім-шарт жасасты.

Андрия Филипович – «Риека» клубының түлегі. Ол ұзақ уақыт бойы хорватиялық клубтың академиясында ойнады, ал 2015 жылдың ақпанында Италиядан ұсыныс түсті. Шабуылшы алты ай бойы «Ювентустың» жастар командасында өнер көрсетті. Сондай-ақ «Специяняң» намысын қорғады.

2016 жылдың жазында Филипович С сериясында бақ сынайтын италиялық «Сиена» клубымен алғашқы кәсіби келісім-шартына қол қойды. Бірақ жыл соңына дейін құрамға іліне алмай, Италиядан кетті.

Соңғы бес жыл бойы футболшы Словения, Нидерланды және албаниялық клубтарда доп тепті.

Жалпы, хорватиялық шабуылшы мансабында 169 матч өткізіп, 35 гол соққан және 14 нәтижелі пасы бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×