«Атырау» «Зениттің» түлегін қатарға қосты

04.03.2022, 20:00
Ресейлік футболшы кезінде Роберто Манчинидің қол астында жаттыққан.
«Атырау» «Зениттің» түлегін қатарға қосты

«Атырау» 24 жастағы ресейлік жартылай қорғаушы Дмитрий Плетневпен келісім-шартқа отырғанын хабарлады.

Дмитрий Плетнев – «Зениттің» түлегі. Ол 2017/2018 жылғы маусымда италиялық маман Роберто Манчинидің жетекшілігімен аталмыш клубтағы алғашқы және жалғыз ойынын өткізді. Одан кейін футболшы «Зениттің» екінші командасында доп тепті.

Ойын тәжірибесі жеткіліксіз болғандықтан, Плетнев 2019 жылдың жазында «Томь» клубына жалға берілді. Бұл клубта 21 матч өткізіп, 2 гол соқты.

Бір жылдан кейін Дмитрий «Зенитке» қайта оралды. Осыдан кейін Санкт-Петербургтік клуб ойыншыны «Балтикаға» жіберу туралы шешім қабылдады. Калининградтық клубта Плетнев негізгі құрамға іліге алмады.

Ойыншы 2021 жылдың шілдесінен бері Санкт-Петербургтің «Динамосында» өнер көрсетті (15 матч өткізіп, 2 гол).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×