Бүгін "Мұнайшы" стадионында атыраулық жанкүйерлер клуб басшылығымен кездеседі. Кездесу 15:30-ға жоспарланған
"Атыраудың" жанкүйерлері команданың қазіргі жағдайына риза емес және басшылық пен бас бапкер Арам Восканянның отставкаға кетуін талап етеді.
Айта кетейік, "Атырау" Премьер-лиганың ағымдағы маусымында 4 матч өткізіп, барлығында жеңіліске ұшырады. Небәрі 3 гол соғып, өз қақпаларына 11 гол жіберіп алды.
Біздің серіктес: FONBET