“Атырау” жаппай тазарту жұмыстарын бастады – Командада адам қалды ма?

06.01.2026, 19:17

Атыраулық "Мұнайшылар" жаңа жылды күрт өзгерістермен бастады, деп хабарлайды Aladop.kz.

“Атырау” жаппай тазарту жұмыстарын бастады – Командада адам қалды ма?
instagram: fc_atyrau

6 қаңтар күні клубтың баспасөз қызметі команданың негізгі құрамында өнер көрсеткен 12 бірдей ойыншымен қош айтысқанын ресми түрде мәлімдеді.

Неліктен мұндай қадамға барды?

Дереккөздердің мәліметінше бұл жаппай қоштасудың басты себебі — ойыншылар мен клуб арасындағы келісімшарттарының мерзімі аяқталуы (2025 жылдың 31 желтоқсаны). Алайда, футбол сарапшылары клуб басшылығының келісімшартты ұзартудан бас тартуын команданың өткен маусымдағы көңіл көншітпейтін нәтижелерімен байланыстырып отыр. Қазақстан чемпионатындағы сәтсіздіктерден кейін "Атырау” құрамды түбегейлі жаңартуды ұйғарған сияқты.

Кімдер кетті? Командадан кеткендер тізімі:

Команданың барлық шебінде дерлік өзгеріс бар. Клубпен қош айтысқандардың толық тізімі төмендегідей:

• Қақпашы: Әлішер Сүлеймен.

• Қорғаушылар: Дмитро Рижук, Ескендір Қыбырай, Данияр Орда.

• Жартылай қорғаушылар: Василий Совпель, Нұрдәулет Байбосынов, Вадим Афанасенко, Вадим Яковлев, Кәрім Смыков, Нұрдәулет Орынбасар.

• Шабуылшылар: Лука Згурский, Цевелин Чунчуков.

"Рахмет жігіттер

Келісім шартының аяқталуына байланысты «Атырау» футбол клубы бірқатар ойыншылармен қоштасады.

Ойыншыларға алғыс айта отырып, алдағы кәсіби мансабтарына сәттілік тілейміз.” – деп жазды клуб ресми түрде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×