«Атырауда» Литва құрамасының ойыншысы қаралымнан өтуде

22.02.2022, 15:14
Футболшы өз елінде, сондай-ақ словениялық клубта доп тепкен.
«Атырауда» Литва құрамасының ойыншысы қаралымнан өтуде

23 жастағы литвалық жартылай қорғаушы Домантас Антанавичюс «Атырау» клубының оқу-жаттығу жиынына қатысуда, деп хабарлайды KazFootball.kz.

Антанавичюс мансабын литвалық «Судувада» бастады. Аталмыш клуб жейдесінде 30-дан астам ойынға қатысқан. Одан бөлек, «Стумбрас» сапында да өнер көрсетті.

Кейін эстониялық «Маарда» арқылы транзитпен Словенияға аттанып, «Целе» клубының ойыншысы атанды. Ойын тәжірибесінің аздығынан ол екі рет, алдымен словениялық «Триглавқа», одан кейін литвалық «Паневежиске» жалға берілді.

Қазір Домантастың «Целемен» келісім-шарты аяқталды. Ол словениялық клуб сапында бар-жоғы 9 кездесу өткізіп, нәтиже көрсете алмады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×