
«Атырау» ФК футболшылары
«Мұнайшылар» 30 наурызда өтетін «Ақтөбеге» қарсы ойында алаңға шықпай қоюы мүмкін.
Атыраулық ұжым бойкот жариялап, протест жасауды көздеп отыр деседі.
Бұған себеп, футболшылар, қызметкерлер мен басқа да жұмысшыларға 2025-жылдың басынан бері жалақы төленбей жүрген көрінеді.
«Атырау» ҚПЛ-2025-тің алғашқы екі турынан кейін 3 ұпаймен 7-орынға жайғасқан. «Мұнайшылар» бірінші турда «Елімайды» ұтса (2:1) екінші турда дәл осындай есеппен сырт алаңда «Оқжетпестен» ұтылды.
Біздің серіктес: FONBET