Атырауда жаңа футбол алаңы ашылды

30.11.2025, 20:45

Атырау қаласында "Томарлы" атты жаңа футбол алаңы пайдалануға берілді, деп хабарлайды Aladop.kz.

Атырауда жаңа футбол алаңы ашылды

Бұл жаңалықты Қазақстандық футбол функционері Дидар Сыдықбек өзінің телеграм арнасында хабарлады.

Оның айтуынша, жаңа алаңның ашылуы – жергілікті тұрғындар үшін нағыз футбол мерекесі.

"Бүгін ALAN жобасы аясында Атырау қаласында Томарлы стадион алаңының салтанатты ашылуы өтті. Бұл — Атырау жұрты үшін үлкен қуаныш әрі шынайы футбол мерекесі болды. 

Жаңа алаң өңірдегі футбол инфрақұрылымын нығайтып, балалар мен жастарға спортпен айналысуға жаңа мүмкіндік береді. Бұл — жергілікті футболдың дамуына серпін беретін керемет жаңалық.

Айта кетейік, осы жобаның арқасында биыл еліміз бойынша 9 жаңа алаң пайдалануға берілді.

Осындай маңызды істі қолдаған УЕФА және 1XBET компанияларына үлкен рақмет айтамыз!

Жаңа алаң талай жас таланттың шыңдалуына себеп болсын! 

@kff_resmi @alan_kazakhstan  @1xbet__kz” – деп жазды Дидар Сыдықбек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×