Атыраудан Павлодарға – “Ертіс” құрамы орталық қорғаушымен толықпақ

17.01.2026, 15:53

Руслан Хадаркевич "Ертіс" сапына ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Aladop.kz.

Атыраудан Павлодарға – “Ертіс” құрамы орталық қорғаушымен толықпақ

Павлодарлық "Ертіс” қорғаныс шебін тәжірибелі ойыншымен күшейтуді көздеп отыр. Ухо телеграм арнасының хабарлауынша, 32 жастағы Беларусьтік орталық қорғаушы Руслан Хадаркевич команда сапына қосылуға жақын.

Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны

Хадаркевич командамен бірге Түркияның Белек қаласында өтетін дайындық жиынына аттанбақ. Сонымен қатар, Павлодарлықтардың жиынына Данила Нечаев пен Владислав Климович те қатысады. Айта кетерлігі, Климович Қазақстан тарапынан ұсыныс түскен соң Өзбекстанға ауысу туралы ойынан айныған.

Ойыншы туралы мәлімет:

Хадаркевич 2025 жылдың жазынан бастап "Атырау” намысын қорғап келді. "Мұнайшылар” сапында 10 кездесу өткізіп, бір нәтижелі пас берген. Ол өткен жылдың басында өз елінің “Минск” клубында доп тепкен болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×