Келесі маусымда «мұнайшылардың» тізгінін Владимир Мазяр ұстауы мүмкін.
Украиналық маман осыған дейін де Қазақстанда жұмыс істеп кеткен - 21/21, 22/23-жылғы маусымда «Ақжайықтың» бас бапкері болды. Соңғы жылы оралдық командамен 45 ойын өткізіп оның 14-жеңіске жетіп, төрт матчта тең ойнап, тағы 22 кездесуде жеңіліс тапқан.
В. Мазяр «Ақжайықтан» бөлек украиналық «Львов», «Полесье», «Рух Винники» және тағы бірқатар клубтарда жұмыс істеген. Бапкерлік мансабын өзінің отанында бастады.
«Атырау» биыл ҚПЛ-ді Беларусь маманы Виталий Жуковскийдің бас бапкерлігімен 7-орынмен аяқтаған. Сондай-ақ, Қазақстан Кубогінің финалына шықты.
Біздің серіктес: FONBET