«Атыраудың» бас бапкері «Қайрат» туралы: дәл қазір бұл екі команда екі бөлек лигадан сияқты

18.04.2025, 20:52

«Атырау» клубының бас бапкері Константин Горовенко «Қайратқа» қарсы өткен ойын туралы пікірімен бөлісті (0:4). 

«Атыраудың» бас бапкері «Қайрат» туралы: дәл қазір бұл екі команда екі бөлек лигадан сияқты
«Қайрат» - «Атырау» кездесуі

«Жылдам екі гол өткізіп алдық. 4-минуттың өзінде 0:2... Үзілістен кейін жүйені өзгерттік, тағы гол жіберіп алдық. Дәл қазір бұл екі команда екі бөлек лигадан сияқты. Біз қазір «Қайраттың» деңгейіне жете алмаймыз. 

Бізде кемшілік, мәселе көп. Ең алдымен қорғаныстағы ойынымызды реттеп алу керек. 

Ойынның барлық қырларын шыңдағымыз келеді, алайда бұл мүлде жаңа команда. Селекциялық жұмыстар жылдам, шамамен бір-ақ айдың ішінде істелді. Біздің түзеуге тиіс көптеген кемшін тұстарымыз бар», - деді қазақстандық маман. 

Айта кетейік, «Атырау» ҚПЛ-2025-тің 4 турынан кейін 3 ұпаймен 10-сатыға жайғасқан. «Мұнайшылар» 10 күн ішінде «Қайраттан» екі рет ірі есеппен ойсырай ұтылды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×