
«Атыраудың» бас бапкері Константин Горовенко ҚПЛ-дің төртінші турындағы сәтсіздік туралы пікір білдірді.
Кеше «мұнайшылар» өз алаңында «Қайраттан» 1:4-пен жеңіліс тапты. Аталған ойында Дастан Сәтпаев екі гол салып, бір ассист берген болатын.
«Бірінші таймды жүйелі өткіздік. Футболшылар нұсқаманы орындап, тырысты, тәртіпті ойнады. Ал ойынның екінші бөлігінде қорғаныстың күл-талқаны шықты. Бұл қатарынан төрт гол жіберіп отырған екінші кездесуіміз. Мұндайға мойынсұнуға болмайды. Екінші голдан кейін біз жағдайды түзеуге тырыстық, ойыншыларды алмастырдық, бірақ үшінші гол бәріне нүктесін қойған. Қорғаныстағы қателіктерді түсіндіру қиын. Тұрақтылық жоқ, бұл біздің басты мәселеміз», - деді К. Горовенко.
Ел біріншілігінің 4 турынан кейін «Атырау» 3 ұпаймен 10-орынға жайғасты. Ал «Қайрат» 10 ұпаймен бірінші орында.
Біздің серіктес: FONBET