“Атыраудың” экс-ойыншысы мансабын Беларусь чемпионатында жалғастырмақ

Мәскеулік ЦСКА түлегі Лука Згурский бүгінде "Гомель" сапында жаттығып жүр.

“Атыраудың” экс-ойыншысы мансабын Беларусь чемпионатында жалғастырмақ

Андрей Горовцев бастаған ұжым Гомель қаласындағы жабық манеждердің бірінде жаңа маусымға дайындығын пысықтауда. Екі аптаға созылатын жаттығу жиынында “Атыраудан” кеткен 20 жастағы Лука Згурскийде жүр. Ол өткен маусымда мұнайшылар жейдесінде 8 матч өткізіп, 1 гол соқты. Оның алдында ресейлік форвард Тұран сапында 14 ойында 2 голдық нәтижеге тіркеген болатын.

Қазақстан чемпионатынан бөлек, ЦСКА түлегі өзбекстандық “Әндіжан” ұжымында бір маусым өнер көрсетіп келді. Алайда ол жақта да сұрмергендік қабілетімен көзге түспеді. Шабуылшы 17 ойында тек 1 голды өз атына жазды. 

Трансфермаркет Ресейдің U-21 командасының экс-ойыншысын 75 мың еуроға бағалайды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×