“Атыраудың” капитаны клубтан кетеді – Стасевичтің жаңа бағыты белгілі болды

08.01.2026, 22:40

"Атыраудың" белді ойыншысы әрі капитаны Игорь Стасевич жақын арада Қазақстан чемпионатынан кетуі мүмкін, деп хабарлайды Aladop.kz.

“Атыраудың” капитаны клубтан кетеді – Стасевичтің жаңа бағыты белгілі болды

Беларусь футболының аңызы кәсіби деңгейден медиафутболға ауысуды жоспарлап отыр.

Мәліметтерге сүйенсек, жартылай қорғаушы өз отанындағы "DMedia” медиа клубына қосылуға ниетті.

"Мұнайшылар” сапындағы үш жыл

Қысқа мерзімде “Тұран” сапында доп тепкен 40 жасар Игорь Стасевич "Атырау” намысын 2022 жылдан бері қорғап келеді. Осы уақыт ішінде ол 70 матчта, 7 гол соғып, 13 нәтижелі пас берді.

Ол өзінің тәжірибесімен Атыраулық ұжымның орта шебінде тұрақтылық орнатып, жанкүйерлердің ықыласына бөлене білді. Алайда, жастың келуі мен жаңа бағытта бақ сынау ниеті оны осындай шешімге итермелеген көрінеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×