
Ресейлік «Химки» футбол клубына қатысы бар кәсіпкер Туфан Садыгов «Спорт-Экспресс» басылымына берген сұхбатында Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Магомед Адиевтің «Химки» командасының тізгінін ұстауына қатысты ойын ортаға салды.
Айта кетейік, кеше ресейлік маман командаға ресми түрде таныстырылған болатын. Магомед Мұсаұлы жаңа қызметте Франк Артиганың орнын басты.
— Адиевпен жасалған келісімшарт қанша уақытқа есептелген?
— Келісімшарт мерзімі — бір жыл. Бұл — өте жақсы маман. Ол Қазақстанда да, «Ахматта» да өзін жақсы қырынан көрсетті. Артигаға деген құрметім бөлек, дегенмен басшылықтың Адиевті тағайындауы — дұрыс шешім деп ойлаймын. Естеріңізде болса, маусым басында «Ахмат» пен «Химки» 3:3 есебімен тең ойнап еді. Ол кезде Адиевтің командасы 0:2 болып ұтылып жатып, есепті теңестірді.
2024/25 жылғы Ресей чемпионатының 24-туры нәтижесі бойынша «Химки» 23 ұпаймен турнир кестесінің 12-сатысында тұр.
Біздің серіктес: FONBET