"Манчестер Юнайтедтің" бұрынғы сұрмергені Атырауға ат басын бұруы мүмкін, деп хабарлайды Aladop.kz
ЖаркOFF телеграм арнасының мәліметінше, "Атырау" клубы атақты Нигериялық шабуылшы Одион Игаломен келіссөздер жүргізіп жатыр.
Одион Игало футболсүйер қауымға Еуропалық алпауыт клубтардағы ойынымен жақсы таныс.
Нигерия құрамасы сапында 37 матчта 16 гол соғып, 2019 жылғы Африка ұлттары кубогының қола жүлдегері атанды.
Қазіргі таңда Игало 36 жаста. Оның соңғы клубы Сауд Арабиясының "Әл-Вахда” командасы болған. 2025 жылдың шілдесінде келісімшарты аяқталған шабуылшы қазір еркін агент мәртебесінде жүр.