Аустралиялық футболшы 40 метр қашықтықтан өз қақпасына гол соқты (Видео)

19.02.2015, 00:06
Аустралиялық футболшы 40 метр қашықтықтан өз қақпасына гол соқты (Видео)
Аустралиялық «Сентрал Кост Маринерс» клубының қорғаушысы Джошуа Роуз (Joshua Rose) қытайлық «Гуанчжоу Фулимен»  Азия чемпиондар лигасы ойыны барысында өз қақпасына 45 ярд (40 метрге жуық) қашықтықтан гол соқты. Бұл туралы inform.kz BT Sport-қа сілтеме жасай отырып хабарлады. Матчтың аяқталуына санаулы минуттар қалған сәтте алаң ортасында болған Роуз допты өз командасының қақпашысына қайтаруға тырысқан еді. Алайда футболшы дәл бағыттай алмай, доп қақпаға соғылды. Матч 3:1 есебімен «Гуанчжоудың» жеңісімен аяқталды.     Массагет.кз
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×